Болат Назарбаевтың туыстары тұратын үйге ұры түсті деген хабар пайда болған еді. Ресми органдар оқиғаны растағанымен, толық мәлімет беруден әзірге тартынып отыр, деп жазады qandastar.kz
Бейресми ақпаратқа сәйкес, тоналған үй Болат Назарбаевтың Гүлнұр есімді тоқалының анасына тиесілі. Қарақшылар бұл жақтан алтын бұйымдар мен ақша алып кеткені жөнінде сөз бар.
Алматы облыстық Полиция департаменті оқиға бойынша қылмыстық іс тіркелгенін мәлімдеп, шабуыл фактісі тексеріліп жатқанын ғана хабарлады. Күдіктілер әзір ұсталған жоқ.
Ауыл тұрғындарының айтуынша, Назарбаевтар әулетінің маңына жолай алмайтын ұрылар қазір батыл. «Иесі көзден кетіп, ауыл да жуасып қалды» дейді кейбір тұрғындар.



