Жаңалықтар
Инсульт пен пышақ жарақаты: Ақтаудағы ауқымды концертте сұмдық жағдай болды

Фото: ашық дереккөз
Маңғыстау облыстық жедел медициналық жәрдем станциясы «Ақтау – түркі әлемінің мәдени астанасы» атты ауқымды мереке кезінде наурыз алаңынан қанша шақырту түскені туралы мәлімет берді, деп хабарлайды qandastar.kz Lada.kzжергілікті басылымына сілтеме жасап.
Станция басшылығының айтуынша, мереке кезінде наурыз алаңында жедел жәрдем қызметкерлері 41 адамға көмек көрсеткен.
“Негізінен, есінен тану жағдайлары тіркелді. Сонымен қатар бір пышақ жарақаты, бір инсульт және жүрек ырғағының бұзылуы болды”, – деп мәлімдеді медициналық мекеме өкілдері.
Айта кетейік, шараны 100 мыңнан астам көрермен тамашалады. Ақтаудың аспанын 600 дрон жарық шоуымен безендірді.
Мерекенің басты қонағы ретінде Димаш Құдайбергенді жергілікті тұрғындар мен қала қонақтары ерекше күткен.