ЖаңалықтарШоу бизнес

Интернет-казиноны жарнамалады деген күдікке ілінген Қайсар Қамза Қазақстанға қайтарылды

Қазақстанға Вьетнамнан блогер Қайсар Қамза экстрадицияланды, деп хабарлайды qandastar.kz порталы.

Бұл туралы Бас прокуратура хабарлады.

Ресми мәліметке сәйкес, ол 2025 жылдың қаңтар айында әлеуметтік желілер мен мессенджерлердегі кең аудиториясын пайдаланып, ақылы негізде заңсыз интернет-казиноны жарнамалады деген күдікке ілінген. Тергеу нұсқасы бойынша, ол қазақстандықтарды құмар ойындарға тартуға ықпал еткен. Осы жарнамалар үшін күдіктінің криптовалюталық әмиянына шамамен 200 мың АҚШ доллары түскені айтылды.

Тергеу материалдарына сәйкес, аталған қылмыстық топ 2021–2025 жылдар аралығында Қазақстан аумағында бірнеше заңсыз онлайн-казиноның жұмысын ұйымдастырған. Төлем терминалдары арқылы заңсыз жолмен 106 миллиард теңгеден астам қаражат иемденілгені анықталған. Іс аясында қылмыстық топтың тоғыз мүшесі қамауға алынған.

Қазіргі уақытта Қайсар Қамза тергеу изоляторына қамалып, іс бойынша тергеу амалдары жалғасып жатыр.

Егер оның кінәсі сотта дәлелденсе, заң бойынша мүлкі тәркіленіп, жеті жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Ұқсас Мақалалар

Back to top button