Жаңалықтар

«Интимді мән-жайлар бар»: Сәкен Мамаштың әйелі соттың ашық өтуіне қарсы

Астанада Қазақстанның Біріккен Араб Әмірліктеріндегі елшілігінің бұрынғы кеңесшісі Сәкен Мамашқа қатысты сот процесі басталды, деп хабарлайды Qandastar.kz ақпарат порталы. Жәбірленуші, дипломаттың әйелі Карина Мамаш сот процесін жабық режимде өткізуді сұрады.

– Менің жеке өмірім егжей-тегжейлі жария болғанын қаламаймын. Екі баламыз бар, олардың психологиясына алаңдаймын, – деді жәбірленуші Карина Мамаш.

Айпталушыны сот залына конвой қызметкерлері алып келді. Сот отырысына жәбірленуші ретінде оның жұбайы Карина Мамаш келіп, қара түсті, үлкен күннен қорғайтын көзілдірік тағып алған.

Мемлекеттік айыптаушы Жәңгір Садвакасов соттың ашық түрде өтуіне қарсылық білдірмеді. Алайда жәбірленуші тараптың өкілдері мен Карина Мамаш процессті жабық өткізу туралы өтініш білдірді. Ол интимдік сипаттағы мәліметтердің жария болуын қаламайтынын жеткізді.

Өз кезегінде айыпталушы Сәкен Мамаш соттың ашық өтуін қолдайтынын айтты. Оның сөзінше, бұл іс бойынша жасырын ештеңе жоқ.

Мәселені тыңдаған Астана қаласы бойынша қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы Артур Абдыханов процессті жабық түрде өткізу туралы шешім қабылдады. Сонымен қатар, сот процесінде тек Сәкен Мамаштан басқа қатысушыларды бейне және фототүсірілімге түсіруге рұқсат берілді. Айта кетейік, үкім жария түрде оқылады.

Ілмектер

Осы айдарда

Добавить комментарий

Close