Әлем жаңалықтарыЖаңалықтарЭкономика және бизнес

Ирактағы жемқорлық ісі: депутат үйінен миллиондаған доллар мен алтын табылғаны хабарланды

Иракта жүргізілген ауқымды жемқорлыққа қарсы операция кезінде депутат Хинд әл-Аббасидің үйінен 57 миллион АҚШ доллары мен 27 келі алтын табылғаны туралы ақпарат тарады. Сонымен қатар алтыннан жасалған заттар табылғаны айтылғанымен, бұл деректер Ирак билігі тарапынан әзірге ресми түрде расталған жоқ.

Иракта жүргізілген ауқымды жемқорлыққа қарсы операция барысында депутат Хинд әл-Аббасидің үйінен ондаған миллион АҚШ доллары көлеміндегі қолма-қол ақша мен ондаған келі алтын табылғаны туралы ақпарат тарады. Сондай-ақ алтыннан жасалған іш киімнің тәркіленгені жөнінде де хабарланды. Алайда бұл мәліметтерді Ирак билігі әзірге ресми түрде растаған жоқ. Бұл туралы Qandastar.kz сайты haberler.com порталына сілтеме жасап хабарлады.

БАҚ мәліметінше, тінту кезінде депутаттың үйінен шамамен 57 миллион АҚШ доллары көлеміндегі қолма-қол ақша мен 27 келі алтын табылған. Бұл іс мемлекеттік қаржыны мақсатсыз пайдалану және сыбайлас жемқорлыққа қатысты кең ауқымды тергеудің бір бөлігі саналады.

Тергеу аясында депутаттар мен жоғары лауазымды мемлекеттік қызметкерлерді қоса алғанда 47 күдікті ұсталған. Сонымен қатар қауіпсіздік күштері Бағдад қаласы мен басқа өңірлерде рейдтер жүргізіп, бірқатар шенеуніктің үйіне тінту жасаған.

Ресми мәліметке сәйкес, операция барысында миллиондаған доллар көлеміндегі қолма-қол ақша, алтын бұйымдар, қару-жарақ және оқ-дәрілер тәркіленген.

Сондай-ақ Ирактың Жоғарғы сот кеңесі бұрынғы мұнай министрінің орынбасарына қатысты іс бойынша шамамен 10 миллион АҚШ доллары, 3 миллиард ирак динары, алтын бұйымдар, ұзын ұңғылы қарулар және 40-қа жуық жылжымайтын мүлік тәркіленгенін мәлімдеді.

Премьер-министр Али әл-Зейди үкіметтің жемқорлықпен күресті жалғастыратынын айтып, алдағы уақытта бұл іс бойынша жаңа тұлғалар да жауапкершілікке тартылуы мүмкін екенін жеткізді.

Айта кетейік, депутат Хинд әл-Аббасидің үйінен 57 миллион АҚШ доллары, 27 келі алтын және алтыннан жасалған іш киім табылғаны туралы ақпарат әзірге Ирак билігінің ресми мәлімдемесімен расталған жоқ.

Ұқсас Мақалалар

Back to top button