
Иран АҚШ пен Израильдің шабуылдары салдарынан келген шығынды өтеуді талап ететінін мәлімдеді, деп хабарлайды qandastar.kz порталы.
Бұл туралы елдің жаңа жоғарғы көсемі Моджтаба Хаменеи айтты.
Оның сөзінше, Тегеран өңірдегі жағдайға қатысты ұстанымын өзгерткен жоқ. Хаменеи Ормуз бұғазының жабық күйінде қалуы керек екенін атап өтті.
Сонымен қатар Иран көршілес мемлекеттермен сындарлы әрі тұрақты қарым-қатынас орнатуға мүдделі екенін жеткізді.
Алайда Тегеран аймақтағы АҚШ әскери базаларын жабуды талап етеді. Оның айтуынша, Иран тек осы нысандарға соққы жасауды көздейді.
Иран басшысы сондай-ақ АҚШ пен Израильмен қақтығыс кезінде қаза тапқандардың кегі қайтарылатынын айтты.
Бұдан бөлек, Моджтаба Хаменеи әскери шиеленіс салдарынан өзінің жақын туыстары – әйелі, әпкесі, баласы және тағы бір әпкесінің күйеуінің қаза тапқанын растады.



