Әлем жаңалықтары

Иран Израиль мен Таяу Шығыстағы АҚШ базаларына шабуыл жасады

Иран «Шынайы уәде-4» операциясы аясында Kheibar Shekan және Qadr класты баллистикалық зымырандармен Израильдің солтүстігі мен Таяу Шығыстағы бірнеше АҚШ базаларына сәтті соққы жасады. Әскерилер нақты нысандарды атаған жоқ. Шабуыл Израильдің алдын алу әрекеттері мен АҚШ-тың ауқымды әскери операциясына жауап ретінде жүзеге асырылды.

Иран мемлекеттік телеарнасы хабарлағандай, «Шынайы уәде-4» операциясының 48-ші кезеңінде Иран Kheibar Shekan класты қатты отынды және Qadr класты сұйық отынды баллистикалық зымырандарды пайдаланып, Израильдің солтүстігі мен Таяу Шығыстағы бірнеше АҚШ базаларына сәтті соққы берген. Әскерилер шабуылға ұшыраған нақты әскери нысандарды атаған жоқ.

Естеріңізге сала кетейік, 28 ақпанда Израиль Тегеранға қарсы «алдын алу шабуылын» бастаған еді. Кейін АҚШ президенті Дональд Трамп Иранға қарсы ауқымды әскери операцияның басталғанын жариялады.

Ислам революциясы қамқоршылар корпусы Израильдегі нысандарға және аймақтағы АҚШ базаларына шабуыл жасап, ауқымды кек алу операциясын жариялады. Соның ішінде Бахрейн, Иордания, Катар, Кувейт, БАӘ және Сауд Арабиясындағы АҚШ әскери нысандары нысанаға алынған.

АҚПАРАТ KAZINFORM.KZ САЙТЫНАН АЛЫНҒАН.

Ұқсас Мақалалар

Back to top button