Иранның рухани жетекшісі Моджтаба Хаменеи елдің алдағы экономикалық даму бағытын таныстырды. Ол өз мәлімдемесінде басты назар «қарсыласу экономикасына» аударылатынын айтып, бұл ұстаным ұлттық бірлік пен қауіпсіздікті нығайтуға негізделетінін атап өтті.
Сонымен қатар, халықтың тұрмыс деңгейін жақсарту, инфрақұрылымды дамыту және өңірлік ынтымақтастықты күшейту негізгі басымдықтардың қатарында болады. Әсіресе, Ауғанстан мен Пәкістан сияқты көршілес елдермен қарым-қатынасты дамыту көзделіп отыр.
Хаменеи Иранның Түркия және Оманмен байланысын сақтайтынын жеткізіп, Израильді аймақтағы елдер арасында іріткі салуға тырысып отыр деп сынға алды.
Өз кезегінде Иран президенті Масуд Пезешкиан Тегеран мұсылман мемлекеттерімен қақтығысқа бармайтынын, керісінше өңірдегі тұрақтылық пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін өзара келісімге дайын екенін мәлімдеді.
Дереккөз: 24.kz



