Әлем жаңалықтары

Иранда жойқын жарылыстан 40-қа жуық адам қаза тапты

 Фото: m24.ru

Иранда жойқын жарылыстан 40-қа жуық адам қаза тапты,  деп жазды qandastar.kz

Қайғылы жағдай елдің оңтүстігіндегі Шахид-Раджаи портында болған. Зардап шеккендер саны 1200-ден асты. Із-түссіз жоғалғандар да бар. Иранда жалпыұлттық аза тұту күні жарияланды. Ел президенті Масуд Пезешкиан шұғыл түрде түрде апат болған аймаққа жетіп, құтқару жұмыстары жайлы хабар алды. Жергілікті БАҚ-тың дерегінше, қуатты жарылыстан сол маңайдағы көліктер түгел күлге айналған. Өрттің шығуына порттағы қауіпті химиялық заттардың тұтануы себеп болған.

atamekenbusiness_qaz хабарлағандай, әзірге, бұл тек болжам ғана. Кей дерек көздерінде, қоймада натрий перхлораты тұрған контейнер жарылғаны айтылады. Бұл зымыран отынын жасау үшін қолданылатын химиялық компонент. Порттағы алап өртті сөндіру әзірге мүмкін болмай тұр. Қазір аймақта төтенше жағдай жарияланды.

Ілмектер

Осы айдарда

Добавить комментарий

Close