Жаңалықтар

Иранның рухани көсемі ауысуы мүмкін

Иранның рухани көсемі аятолла Әли Хаменеи 25 күннен бері халық алдына шықпады. Осы уақыт ішінде ол видео арқылы халыққа екі рет қана үндеу жасады, деп хабарлайды Qandastar.kz сайты BILD-ке сілтеме жасап. 

Иранда аятолланың ауыр сырқаты, тіпті оның өлімі туралы түрлі қауесет айтылып жатыр. Ал сарапшылар оны жай ғана бункерден шықпай жатыр дейді.

BILD хабарлауынша, Иран басшысы Израиль 13 маусымда соққы жасай бастағаннан-ақ жерасты баспанасына тығылған. Қазір Қатар делдалдығымен атысты уақытша тоқтату келісімі күшіне еніп отыр.

«Он екі күндік соғыс іс жүзінде Хаменеиден кейінгі дәуірдің басталуын белгіледі. Иран қазірдің өзінде мұрагер іздеп жатыр. Хаменеидің өз қызметін атқаруға бұдан былай физикалық және психологиялық мүмкіндігі жоқ – бұл соғыс басынан бері солай еді», – деді ирандық саясаттанушы Әли Фатхолла-Нежад.

Ілмектер

Осы айдарда

Добавить комментарий

Close