Әлем жаңалықтары

Ішінде қазақстандықтар бар: Ресей мигранттардың армияда қызмет ету мерзімін ұзартпақ

Фото: inbusiness.kz

Қазіргі уақытта Ресей жасы 18 бен 30 аралығындағы азаматтарды әскерге шақырады. 2023 жылдың қаңтар-қазан айларында 318 мыңнан астам шетелдік Ресей азаматтығын алған. Олардың көпшілігі – Тәжікстан, Армения, Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан және Әзірбайжаннан келгендер. Дегенмен, соғыс басталғалы Ресей төлқұжатына деген сұраныс посткеңестік екі мемлекет – Тәжікстан мен Қырғызстан азаматтары тарапынан ғана артқан, – деп хабарлайды qandastar.kz atamekenbusiness_qaz телеграм арнасына сілтеме жасап. 

Көрші ел 2022 жылдың күзінен бастап соғысқа мигранттарды белсенді түрде тартуда. Бастапқыда онымен «компанияға қарауыл керек» деген желеумен «Вагнер» айналысқан. Кейін телефон соққандардың біразы майданға аттанғаны белгілі болды.

Енді Мемлекеттік Дума азаматтық алған адамдардың Ресей армиясында қызмет ету мерзімін екі жылға дейін ұлғайтуды ұсынды. Мигранттар үшін әскерге шақыру жасын 45 немесе 50 жасқа дейін көтеру де көзделген. Сол үшін төлқұжат алу кезінде бірден әскерге тіркеу басталады. Қолданыстағы заңға 5 тамызға дейін өзгерту енгізу жоспарланған.

Ілмектер

Осы айдарда

Пікір үстеу

Close