Жаңалықтар

Ислам Әбішев су тасқынына қатысты ой бөлісті

Qasqa Jol YouTube арнасы өзінің кезекті шығарылымын көктемгі су тасқыны мәселесіне арнады. Қонақта мемлекет және қоғам қайраткері, Су ресурстары комитетінің бұрынғы төрағасы Ислам Алмаханұлы Әбішев болып, тасқынның алдын алуға қатысты өз тәжірибесін бөлісті, — деп хабарлайды qandastar.kz

Ислам Әбішевтің айтуынша, кез келген мәселенің шешімін табуға болады. Тек дұрыс жоспар құрып, нақты әрекет ету керек.

«Күн бірден 25 градусқа жылып кетсе, сөзсіз су тасқыны болады. Бірақ ондай төтеннен сақтасын, олай бола қалса біз ештеңе жасай алмай қаламыз. Ең үлкен мәселелі аймақ — Шығыс Қазақстан облысы. Кез келген су тасқынының алдын алуға болады. Келген судың биіктігі 2-3 метр болса, онда оны тоқтату қиын. Былтырғы келген тасқынның биіктігі 1-1,5 метрден асқан жоқ. Ондайда сен 2 метрлік дамбы істеп қой, болды. Осыны 10-20 жыл бұрын қолға алсақ, мұндай жағдайлар болмас еді. 2012 жылы комитетке төраға болып келгенімде, тасқынға қалай төтеп берудің барлық жолы айтылып, қарастырылған. 2016 жылы қай жерде қауіп болса, сол жердің бәрімен айналысқанбыз», — деді бағдарлама қонағы.

Сонымен қатар, қоғам қайраткері су тасқыны ең қауіпті аймақты атап өтті.

«Су тасқынының алдын алу үшін құбырларға мән беру керек. Ыстық сумен ішіне қатқан мұзды ерітіп, су өткізу қабілетін көтеріп отырған жөн. Ол құбырлар су өткен сайын қата береді, осы тұста қате жібермеуіміз керек. Күн сайын су өтетін құбырларды сол жерге барып тексеріп отырған дұрыс. Осыдан үш күн бұрын барып тексеріп кеткенмін деген болмайды. Қазіргі ШҚО-ға барған әкім Нұрымбет Сақтағанов өте тәжірибелі азамат. Біз айтып отырған ақылды ол азамат бізден де артық біледі», — деді ол.

Ілмектер

Осы айдарда

Добавить комментарий

Close