Әлем жаңалықтарыЖаңалықтар

Испан журналисті Астанада өткен «Қайрат» – «Олимпиакос» матчын ең суық ойын деп атады

Испаниялық журналист Рафаэль Эскриг Астанада өткен «Қайрат» – «Олимпиакос» кездесуін Чемпиондар лигасының тарихындағы ең суық ойындардың бірі деп атады. Бұл туралы Qandastar.kz ақпарат порталы Instagram желісіндегі bairaqmedia.kz  парақшасына сілтеме жасап хабарлайды. 

DAZN тілшісі Instagram парақшасында ауа райы минус 30 градусқа сезілгенін, суықтың сүйекке дейін өткенін айтты.

Желіде жарияланған видеода Эскриг Astana Arena стадионының жанында қалың киіммен тұрып, далада болудың өзі өте қиынға соққанын мойындайды.

Айта кетейік, бұл ойын «Қайраттың» турнирдегі қатарынан бесінші жеңілісімен аяқталды.

Ұқсас Мақалалар

Back to top button