Жаңалықтар

«Ит құрлы болмадық»: Өктем Алтаев итінің бір жасын тойлатып, қызу талқыға түсті

Фото: https://www.instagram.com/oktem_altayev/

Танымал сазгер, әнші Өктем Алтаев итінің бір жасын тойлатып, оған сүйек мүжітіп ел талқысына түсті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Өнер иесі итіне арнайы туған күннің қалпағын кигізіп, шамды үрлетті.

“Ит егесінің балалары көп болса, солардың қолдарынан нан жей берсем деп тілейді екен. Біз Роккиге 20 жыл өмір тілейміз. Балаларымның үйлену, ұзату, құдалық тойларының сүйегін мүжіп, немерелеріммен ойнай беруді саған Аллам нәсіп ете берсін», – деп итіне тілек білдірді сазгер.

Желі қолданушылары түрлі пікір білдіріп, қызу талқылап жатыр.

“Осындай отбасылар ұнайды”, “Үй жануарларын жақсы көретіндеріңіз көрініп тұр”, “Итіңізге құда түсейікші”, “Үйіңізге екінші Рокки керек емес пе?», «Туған күні құтты болсын, дәу жігіт болып өсе берсін», «Рокки иесіне ұқсаған ақылды музыкант болсын», «Мына иттің арманы жоқ шығар», «Ит құрлы қадіріміз жоқ екен, бізді бұлай ешкім құттықтамайды», , – деп жазды көпшілік.

Еске салайық, Өктем Алтаев ішімдіктен қалай бас тартқанын айтып берген еді.

Ілмектер

Осы айдарда

Пікір үстеу

Close