«Сенбілік серуен» бағдарламасына сұхбат берген Қазақстанның халық әртісі Мақпал Жүнісова марқұм күйеуі Заманбек Нұрқаділов туралы естелігін айтып өтті, деп жазады qandastar.kz.
«Ол кісі әйел адамның өзіне қарсы шыққанын тіптен жек көретін адам екен. Керемет болдым деп айта алмаймын. Басындағы 1-2 жыл ит пен мысық сияқты өмір сүрдік. Мен де тік мінезді адаммын. Бетіне айтып тастайтынмын. Солай айттың деп, 2-3 күн сөйлеспей қоятын. Ол кісі мені тәрбиеледі, кішкене жынымды басты», — дейді әнші.
Айта кетейік, бұған дейін Мақпал Жүнісова Кегендегі күйеуінің ескерткішіне барып, гүл қойған еді. Сол әсерлі сәттің видеосын ол әлеуметтік желідегі парақшасында жариялаған.
«Кегендегі мектепке атын беріп, бір бөлмесінде Зәкеңе арнап мұражай жасапты, соған Зәкеңнің біраз дүниесін табыстап кеттім. Кегендік әкімшілікке көп рақмет!», — деп жазды Мақпал Жүнісова.



