Жаңалықтар
Италия премьер-министрінің Қазақстанға сапары кейінге қалды

Фото: ашық дереккөз
Италия премьер-министрі Джорджа Мелони Қазақстанға сапарын кейінге шегерді, деп хабарлайды qandastar.kz
Бұл туралы 23 сәуірде президенттің баспасөз хатшысы Руслан Желдібай айтты.
«Италиялық тараптың өтініші бойынша Италия премьер-министрі Джорджи Мелонидің Қазақстанға ресми сапары және 26-27 сәуірге жоспарланған Орталық Азия-Италия бірінші саммиті Рим Папасы Францисктің қайтыс болуына және аза тұту шараларына қатысуына байланысты кейінге шегерілді. Сапардың жаңа мерзімін тараптар келісіп жатыр», – деді ол.