Әлеуметтік желіде өзін Тұрсынбек Қабатовтың ұлымын деп таныстырған жас жігіттің видеосы тарады, деп хабарлайды qandastar.kz. Бейнежазбада ол әзілкештің баласы екенін айтып, көпшіліктен артық сұрақ қоймауды өтінеді.
Алайда ролик соңында жігіт бәрін күлдіріп, Тұрсынбек Қабатовқа тек түр жағынан ұқсайтынын, шын мәнінде ешқандай туыстық байланысы жоқ екенін мойындайды.
Желі қолданушылары оның сырт келбетінің әзілкешке қатты ұқсайтынын айтып, түрлі пікір қалдырған.
«Тұрсынбек видеоны соңына дейін көрмей инфаркт алып қалып жүрмесін», «Көзін қысқанына дейін аумайды екен», – деп жазды желі қолданушылары.



