Жаңалықтар

«Қай базарда сатылады»: Черчесов «жеңімпаз рухы» туралы сауалды дұрыс түсінбеді

Фото: Қазақстан футбол федерациясы

Словения мен Норвегия құрамалары арасындағы ойынның алдында екі елдің бапкерлері баспасөз мәжілісін өткізді. Қазақстан құрамасын жаттықтыратын Станислав Черчесовке «Бірінші бол» резиденті Олжас Байбосын сауал қойды.

«Кеше Норвегиямен тең түстік. Осы нәтижеге қуанып жатырмыз. Бұл қаншалықты дұрыс? Әлем немесе Еуропа чемпионатына шығу үшін мықты қарсыластарды ұту керек. Осы ретте «жеңімпаз менталитетін» қалыптастыру үшін қандай жұмыстар атқарылып жатыр?» – деп сұрады Олжас Байбосын Қазақстанның бас бапкерінен.

Сауал қазақша қойылған. Оны федерацияның баспасөз хатшысы аударып берген еді. Дегенмен, қазақша қойылған сұрақ аударма кезінде толық мағынасын ашпаған секілді. Оны Станислав Черчесов те дұрыс түсінбей қалды.

«Сіз тым алысқа шауып кеттіңіз. Біз әлі әлем чемпионаты туралы ойламаймыз. «Жеңімпаз рухын» қай базарда сататынын айтыңызшы. Мен сол жерге барып, бірден сатып аламын. Бұл жаттығулар мен ойындар арқылы келеді», – дейді бас бапкер.

Еске салайық, Норвегиямен болған матч алдында Черчесов журналистермен кездесіп, қазақ тіліндегі сауалдарды аудармашы көмегінсіз түсінетінін айтқан болатын. Осы ойында Черчесов шәкірттер азулы Норвегиямен тең ойнап, Ұлттар лигасындағы алғашқы ұпайына қол жеткізді. Келесі матч 9 қыркүйекте Словения астанасы Люблянада өтеді.

Ілмектер

Осы айдарда

Пікір үстеу

Close