Жаңалықтар
Қай дәуірге жататыны белгісіз: Ақмолада адамның бейнесі қашалған ерекше тас табылды
Фото: ашық дереккөз
Тасқа қашалып жасалған ерекше жәдігер Ақмола облысынан табылды. Дәлірек айтқанда Сандықтау ауданы төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері «Орман» профилактикалық іс-шарасы кезінде тапты, деп хабарлайды qandastar.kz.
Құтқарушылар дереу табылған зат туралы Ақмола облысының Төтенше жағдайлар департаменті мен тарихи-өлкетану мұражайына хабарлаған. Бұдан бөлек бұл артефактіге астаналық ғалымдардан бөлек шетелдік ғалымдардың да қызығушылық тудырғаны белгілі болды.
Әзірге ежелгі мүсіншінің жұмысы қай дәуірге жататынын ғалымдар ашып айтқан жоқ. Түрлі пікір айтып жатыр. Біреулер бұл тасты қола дәуіріне, енді біреулер оны кейінгі түркі дәуіріне жатқызады. Кей ғалымдардың айтуынша, бұл тастың Сібірден табылған олжалармен ұқсастықтары бар. Бір нәрсе ғана анық: оның тарихи құндылығы зор.
Ақмола облысында табылған бұл көне артефакт тарихи құнды дүние деп бағаланғандықтан мемлекеттік қорғауға алынды.