ДінЖаңалықтар

«Қай дінде жүргенін білмейді»: Рүстем Жүгінісов шоқыну күні суға түсіп, сөз естіді

Танымал әнші Рүстем Жүгінісовтің желідегі соңғы әрекеті оқырмандар арасында қызу пікірталас тудырды. Белгілі болғандай, ол христиандардың Аяздағы шоқыну күнінде мұздай суға шомылған. Бұл туралы Qandastar.kz ақпарат порталы Sn.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды. 

Көпшілік оның әрекетін түсінбей, әлеуметтік желіде түрлі пікір қалдырды. Әсіресе, Рүстем мұсылман бола тұра мұндай рәсімге баруына таңғалушылар көп.

Оқырмандардың жазбаларының бір бөлігі «Негізі исламда қыста суға шомылу жоқ», «Дәл осы күні емес шығар, енді», «Жаңа жылда шырша арам деп алып, шоқыну рәсіміне қалай түсті?», «Мұндай сүннетті қайдан көрдің?» , «Еліктеу дұрыс емес», «Бисмиллясы несі, мыналарға не болған?», «Мұның өзі қай дінде жүргенін біле ме?» деген пікірлер қалдырған.

Желі қолданушылары оның мұздай суға түсуін «шок болды ма?» деп таңдана жазған.

 

Ұқсас Мақалалар

Back to top button