ЖаңалықтарМәдениет

Қайғылы хабар! Еліміздің тұңғыш Бас мүфтиі өмірден өтті

Қазақстанның тұңғыш бас муфтиі, ҚМДБ-ның ең алғашқы төрағасы Рәтбек қажы Нысанбайұлы 86 жасқа қараған шағында өмірден өтті, деп хабарлайды qandastar.kz порталы.

Бұл қайғылы хабарды жазушы, дінтанушы Бейбіт Сапаралы әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.

«Ережеп айының соңғы жұма күнінде, миғраж кеші өткен соң Қазақ Елінің тәуелсіздік алғаннан кейінгі тұңғыш бас мүптиі, ҚМДБ-ның ең алғашқы төрағасы Рәтбек қажы Нысанбайұлының (1940-2026) бұл пәни жалғандағы соңғы демі үзіліп, раббысына қайтыпты.

Қызыл террор коммунист атеистер еліміздің әр шалғайында 29 мешіт қана қалдырған кезеңнен екі жарым мың мешітке жеткізген он жылдық бас мүптилік кезеңде тұңғыш дінбасының атқарған істері өте ауқымды. Қазақстан Мәжілісінің депутаты бола жүріп Дін туралы алғашқы Заң қабылдануына да белсене атсалысқан болатын. Қажылық керуенін де түзеп, мұсылман әлемімен дұрыс байланыс жасауды да шешімділікпен қолға алған еді. Алғашқы медіреселер, исламдық оқу ордаларының іргетасы да сол жылдарда қаланған», — деп жазды ол.

  • Рәтбек қажы Нысанбайұлы 1940 жылы 14 қарашада Түркістан облысының Сарыағаш ауданында дүниеге келген.

Ол Қазақ мемлекеттік сәулет-құрылыс академиясының құрметті профессоры атанған.

Рәтбек қажы жеті тілді, соның ішінде араб, ағылшын және неміс тілдерін еркін меңгерген білікті маман еді.

Оның басшылығымен Түркия мен Мысырда 600-ге жуық имам білім алып, елге оралды.

Ұқсас Мақалалар

Back to top button