Жаңалықтар

«Қайрат, Әбдіжаппар үшеуміз бір жерде отырдық»: Тұрсынбек Қабатов әзілімен елді күлдіртті

Ұшақ бортында бейәдеп сөздер айтқаны үшін 5 тәулікке қамалған Тұрсынбек Қабатов темір тордан шыға сала үлкен концерт берді. Өнер иесі өзінің және өнердегі інілері Қайрат Нұртас пен Әбдіжаппар Әлқожаның жағдайы туралы әзілдеп, елді күлдірді,-деп хабарлайды Qandastar.kz

Тұрсынбек Қабатовтың абақтыға қамалғаны туралы әзілдеген видеосы Instagram желісінде тарап кетті. Онда әзілкеш Қайрат Нұртас пен Әбдіжаппар Әлқожа үшеуі темір торға қалай түскенін айтқан.

«Негізі жақсы сөйлеу керек екен. Қайрат, Әбдіжаппар үшеуіміз бір жерде отырдық қой. Концерттерден, той-томалақтардан шаршап кеттік. «Бір демалу керек еді» деп әңгімелесіп отырғанбыз. Негізі демалатын басқа жерді ойлағанбыз. Ана жақты ойламадық. Сөйтіп демалып келдік. Мен бес күн сұрап алдым. Қайрат қатты шаршаған-ау 15 күн сұрап алды. Әбдіжаппар 10 күн алыпты. Негзі жақсы жігіттер ғой. Ерке жегіттерді халық қолдап жатыр. Жігіттер демалып жатыр», – деді Қабатов.

Айта кетейік, 28 маусым күні Тұрсынбек Қабатовтың 5 тәулікке қамалғаны белгілі болды. Өнер иесі ұшақ бортында мас күйде әдепсіз сөздер айтқаны үшін жазаланған. Ал 5 шілдеде отандық эстрада жұлдызы Қайрат Нұртастың үстінен іс қозғалғаны туралы ақпарат тарады. Дәл сол күні халықтың сүйікті әншісіне қатысты сот отырысы өтті. Шоу-бизнес өкілі ұшақ бортында ұсақ бұзақылық және денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіргені үшін кінәлі танылды. Оған 15 тәулікке қамауға алу жазасы тағайындалды.

Осы айдарда

Пікір үстеу

Close