Алматының Қайрат футбол клубы әлемнің үздік 500 командасының қатарына енді, деп хабарлайды Qandastar.kz сайты Stan.kz порталына сілтеп.
Opta суперкомпьютері жасаған жаңартылған рейтингте алматылық ұжым 24 сатыға көтеріліп, 486-орынға орналасты. Осылайша «Қайрат» Қазақстан клубтары арасында үздік 500-ге енген жалғыз команда болды.
Рейтингте басқа қазақстандық клубтардың да көрсеткіштері белгілі болды. Атап айтқанда, Астана 591-орында, Тобыл 877-орында, ал Ақтөбе 963-орында тұр.
Жалпы, әлемнің алғашқы мыңдығына Қазақстаннан төрт клуб енді: «Қайрат», «Астана», «Тобыл» және «Ақтөбе». Қалған ҚПЛ командалары рейтингтің төменгі бөлігінде орналасқанымен, кейбірі өз орындарын жақсарта алды.



