ЖаңалықтарСпорт

«Қайрат» бельгиялық «Брюггеден» 1:4 есебімен жеңілді

Алматылық «Қайрат» футбол клубы UEFA Чемпиондар лигасының жетінші туры аясында бельгиялық «Брюгге» командасымен кездесіп, 1:4 есебімен жеңілді, деп жазады qandastar.kz

Матч «Астана арена» стадионында өтті. Кездесудің 32-минутында Александр Станкович есеп ашты. Екінші голды 38-минутта Ханс Ванакен соқты. 74-минутта Ромео Верман есепті еселеді. Төртінші голды Брэндон Мехеле 84-минутта соқты. «Қайрат» сапынан жалғыз голды 92-ші минутта Әділет Сәдібеков соқты.

«Қайраттың» жалпы турнирлік кестеде бір ойыны қалды: 28 қаңтарда Лондонның «Арсеналымен» сырт алаңда ойнайды.

Еске сала кетейік, «Қайрат» бұған дейін грекиялық «Олимпиакосқа» есе жіберген болатын. Есеп – 0:1. Матч былтыр 9 желтоқсанда «Астана Арена» стадионында өтті.

Ұқсас Мақалалар

Back to top button