ЖаңалықтарСпорт

«Қайрат» Дастан Сатпаевтың клубының жаттығу базасына барды (ВИДЕО)

Алматының «Қайрат» футбол клубының өкілдері Лондонға жасаған сапары барысында «Челси» клубының жаттығу орталығында болды. Бұл кешенде негізгі команда, академия және әйелдер құрамасының базасы орналасқан, деп жазды Qandastar.kz.

Клубтың баспасөз қызметінің мәліметінше, орталық аумағында 34 футбол алаңы бар, сондай-ақ барлық жастағы спортшыларды дайындау мен медициналық қолдауға арналған заманауи инфрақұрылым қарастырылған.

Сапар барысында «Челсидің» басшылығымен, жаттықтырушылар және медициналық штабпен жұмыс кездесулері өтті. «Қайрат» делегациясы спорттық бөлімшелерді басқару жүйесімен танысты. Атап айтқанда, скаутинг қызметі, ойыншыларды іріктеу, операциялық үдерістер және менторлық бағдарлама жұмысы көрсетілді.

Сондай-ақ қақпашылар жаттықтырушылары мен медициналық мамандар арасындағы тәжірибе алмасуға ерекше көңіл бөлінді. Тараптар жарақаттан кейін және жоғары жүктемеден соң ойыншыларды қалпына келтіру әдістерін талқылады.

Сапар қорытындысы бойынша клубтар алдағы уақытта ынтымақтастықты жалғастыруға келісті.

Алдағы күндері «Қайраттың» бас бапкері Рафаэль Уразбахтин, оның көмекшісі Артем Гавриленко және академия жетекшісі Александр Котляр «Челсидің» базасында тағылымдамадан өтіп, клубтың жұмыс үдерістерін одан әрі зерделейтін болады.

Ұқсас Мақалалар

Back to top button