Басты жаңалықтарЖаңалықтар

«Қайрат» қорғаушысы «Реалға» қарсы матч алдында отбасын құрды

«Қайрат» клубының және Қазақстан ұлттық құрамасының жартылай қорғаушысы Дамир Қасаболат өміріндегі маңызды қадамын жасап, шаңырақ көтерді, деп хабарлайды qandastar.kz.

Бұл туралы Ұлттық құраманың ресми әлеуметтік парақшасында жарияланды.

– Талабың оң болсын, Дамир! Жас жұбайларға бақыт, береке және ұзақ ғұмыр тілейміз. Бірге өткізер әр күндеріңіз қуаныш пен махаббатқа толы болсын, – делінген.

Дамир Қасболат – 2002 жылғы қазақстандық футболшы, Қазақстан Ұлттық футбол құрамасы мен «Қайрат» клубының қорғаушысы.

Айта кетейік, «Қайрат» футбол клубы биыл 30 қыркүйекте «Реал Мадридті» өз алаңында қабылдайды. Ал Дамир сүйіктісі Айнұрға 2023 жылы Эйфель мұнарасы маңында ұсыныс жасаған болатын.

Ұқсас Мақалалар

Back to top button