
фото: ашық дереккөз
Танымал қазақстандық әнші Қайрат Нұртастың ағылшынша сөйлеген видеосы әлеуметтік желіде тарады, деп хабарлайды qandastar.kz
Қысқа бейнероликте ол ағылшын тілінде өзін «ең үздік әрі №1 әнші» деп таныстыруға тырысқан.
«Мен ең үздік әншімін. Мен номер бірінші әншімін. Окей? Бұл қиын еңбек», – дейді Қайрат Нұртас.
Алайда желі қолданушылары бұл сәтті күлкіге айналдырып, түрлі қалжың пікірлер қалдырды.
«Жаст май Юнивөрс, өрс өрс», «Ағылшынша сөйлейді, бірақ қазақша күледі», «Нөу мө», «Сен әнші емессің, сен орындаушысың, бұл екі бөлек нәрсе», – деп жазды кейбір жанкүйерлер.



