Жаңалықтар
Қайрат Нұртас апелляциялық шағым түсірді: сот үкімді өзгеріссіз қалдырды
Жоғарғы сот ақпаратынша, бірінші сатыдағы сот Қайрат Нұртастың ұшақ ішінде жанжалдасу кезінде азамат Б.-ға қол жұмсап, оның денсаулығына жеңіл зиян келтіріп, балағат сөздер айтқанын анықтады,-деп хабарлайды Qandastar.kz
Құқықбұзушының адвокаты қаулымен келіспей, 434-баптың 2-бөлігі бойынша шағымданып, құрамның болмауына байланысты соттан іс жүргізуді тоқтатуды сұрады.
Қаулының күшін жою үшін негіз анықталмағандықтан апелляцияның 2024 жылғы 9 шілдедегі қаулысымен бірінші сатыдағы соттың сот актісі өзгеріссіз қалдырылды.
Қаулы заңды күшіне енді.