Шоу бизнес

Қайрат Нұртастың әйелі жаңа үйінің ішін көрсетіп мақтанды (ВИДЕО)

Танымал актриса әрі блогер Жұлдыз Әбдікәрімова жөндеу жұмыстары толық аяқталған жаңа баспанасын көпшілікке көрсетті, деп жазады qandastar.kz. 

«Үйімнің есігі сіздерге әрдайым ашық. Әзірге толық жайғасып үлгермесек те, төрге шығыңыздар», – деп жазды өнер иесі.

Желі қолданушылары актрисаның жаңа үйіне тәнті болып, жылы лебіздері мен ізгі тілектерін жаудырды.

«Тамаша, құтты болсын!», «Өте әдемі, берекелі де бақытқа толы үй болсын», «Шаңырағыңызға құт-береке орнасын. Өмірде түрлі жағдай болады, оны трагедияға да, комедияға да айналдыратын — әйел. Сондықтан, Жұлдыз ханым, сіз нағыз мықты жансыз, сізге ризамыз», – деп жазды көпшілік.

 

 

Ұқсас Мақалалар

Back to top button