
Қайрат Нұртастың анасы Гүлзира Айдарбекова әлеуметтік желіде өзін сынаған оқырманына ерекше жауап берді, деп хабарлайды qandastar.kz
Продюсерге бір оқырман былай деп жазған: «Өзіңді көп көрсетіп, видеолар жариялап, немерелеріңнің тәрбиесіне көңіл бөлмей жүрсің. Мектепті бітірмей тұрғанда оларды қарамау дұрыс па? Осындай қылықтарың жасқа сай емес, орта жаста осылай тайраңдау жараспайды».
Осы пікірге жауап ретінде Гүлзира Айдарбекова «Немерелеріме қатысты ешкімге рұқсат бермеймін. Олар мен үшін ай мен күн сияқты қымбат! Сенің пікірің мен үшін маңызды емес, сенің өміріңе қызығушылығым да жоқ» деп жазды.



