Қазақстанның танымал өнер жұлдыздары Қайрат Нұртас пен Жұлдыз Абдукаримова 2007 жылы шаңырақ көтерген. Жылдар бойы көпшіліктің назарында жүрген отбасына қатысты бұл жолы олардың 16 жастағы қызы Алау айтқан сөздер себеп болды, деп жазады qandastar.kz.
Алау әлеуметтік желіде фотосессиядан қысқа видео жариялап, оған әсерлі мәтін қалдырған:
«Біздің аналарымыз — өз еркіндігі, бақыты мен өмірін ер адам үшін құрбан еткен соңғы ұрпақ. Осы дәстүр солармен ғана аяқталсын», — деп жазды ол.
Бұл жазба желі қолданушылары арасында үлкен талқылау тудырды. Комментаторлар екіге бөлінді: бірі жасөспірімді батыл ойлары мен образы үшін сынға алса, енді бірі оның көзқарасын қолдады.
«Анаң 10 жыл декретте отырып, одан кейін де сондай әдемі болып шықты»
«Толықтай келісемін, Жұлдыз қиындықтарға қарамастан тәрбиелі, ақылды балалар өсірді»
«Ұятсыз»
«Қолдаймын, нағыз саналы қыз екен»
«Тәрбиесі қайда? Неге дене бітімін көрсету керек?»
«Бұл — жәй қылық көрсету. Оқу керек, тұлға болу керек! Қызға лайық ұяңдық қайда?»? – деп жазды желі қолданушылары.



