ЖаңалықтарСпорт

«Қайрат» он ойыншымен қалған «Пафосты» жеңе алмады

Алматылық «Қайрат» футбол клубы Чемпиондар лигасының топтық кезеңіндегі алғашқы ойынында Кипрдің «Пафос» командасымен тең түсті. Ойын Алматыда өтіп, есеп 0:0 есебімен аяқталды, деп хабарлады qandastar.kz.

Кездесу басталған сәттен-ақ тартысты өрбіді. Бірінші минутта-ақ «Пафос» ойыншысы Коррея тәртіп бұзып, қызыл қағаз алды — осылайша кипрлік клуб он ойыншымен қалды. Бұл артықшылыққа қарамастан, «Қайрат» алғашқы таймда есеп аша алмады.

Екінші кезеңде алаң иелері бірнеше қауіпті шабуыл ұйымдастырғанымен, гол соғуға мүмкіндік болмады. Қақпашы Темірлан Анарбеков бірнеше сәтте команданы голдан құтқарып қалды.

71-минутта «Пафос» есеп ашқандай болғанымен, төреші офсайд тіркеп, голды есепке алмады. Ойын соңына дейін нәтижесіз өтіп, командалар бір-бір ұпайдан еншіледі.

Бұл матч «Қайраттың» Чемпиондар лигасындағы алғашқы ұпайы болды. Енді алматылықтар келесі турда сырт алаңда сынға түседі.

Ұқсас Мақалалар

Back to top button