ЖаңалықтарСпорт

«Қайрат» пен «Реал Мадрид» ойынының билеттері сатылымға шықты

фото: ашық дереккөз

УЕФА чемпиондар лигасының топтық кезеңіндегі «Қайрат» пен «Реал Мадрид» арасындағы көптен күткен ойынға билеттер бүгін, 23 қыркүйек сағат 17:00-де ресми түрде сатылымға шықты, деп хабарлайды qandastar.kz

Матч 30 қыркүйекте Алматыдағы орталық стадионда өтеді. Билеттердің бағасы секторларына қарай 30 мыңнан 250 мың теңгеге дейін белгіленген:

  • Батыс трибуна, 1–9 сектор (1–2 қатар) – 30 мың теңге;
  • Солтүстік және Оңтүстік трибуналар – 75 мың теңге;
  • Шығыс трибуна – 150 мың теңге;
  • Батыс трибуна – 250 мың теңге.

Ережеге сәйкес, бір жанкүйер екі билеттен артық ала алмайды. Сатып алу кезінде және стадионға кірерде жеке куәлік немесе төлқұжат қажет. Ұйымдастырушылардың айтуынша, сатып алғаннан кейін жанкүйерлерге ваучер беріледі, ал электронды билеттер матчқа алты сағат қалғанда жіберіледі.

Әлеуметтік желілерде сатылым басталмай жатып-ақ онлайн кезек он мыңдаған адамға жеткені хабарланды.

Ұқсас Мақалалар

Back to top button