
Коллаж Ulysmedia
Алматыда өтетін “Қайрат” пен “Реал Мадрид” ойынына 4 мыңнан аса турист келеді, деп жазды qandastar.kz
Алматыда 30 қыркүйек күні өтетін “Қайрат” пен “Реал Мадрид” арасындағы тарихи матчқа байланысты қызықты деректер жария болды.
Журналист және спорт комментаторы Рауан Оқастың айтуынша, Орталық стадионда өтетін ойын барысында «Реалдың» жанкүйерлері басым болуы мүмкін. Себебі 23 мың билеттің басым бөлігі испандық клубты қолдайтын фанаттардың қолына тиген.
Билет таратылымы келесідей:
-
3000 – Испаниядан арнайы келетін фанаттарға бөлінген квота
-
2000 – VIP тұлғалар мен демеушілерге
-
5000 – Қырғызстан мен Өзбекстаннан келген “Реал” жанкүйерлері
-
7000 – Қазақстандағы “Реал” фанаттары
-
5000 – Ұлттық компаниялар арқылы алынған билеттер
-
1000 – “Қайрат” фан-клубының мүшелері
Ойын 30 қыркүйек күні сағат 21:45-те басталады. Ал әйгілі “Реал Мадрид” клубы Алматыға 28 қыркүйекте келіп, жанкүйерлердің ыстық ықыласына бөленді.
Туризмге серпін беретін шара
Туризм индустриясы комитетінің төрағасы Нұртас Кәріпбаевтың мәлімдеуінше, бұл матч аясында қалаға 4 мыңнан астам шетелдік турист келеді деп күтілуде. Ал алдын ала есеп бойынша, олардың келуінен бюджетке шамамен 2-3 миллиард теңге көлемінде кіріс түседі.