Жаңалықтар

«Қайрат» – «Реал» матчы: Шетелдік журналистер стадионды сынға алды

Фото: скрин

«Қайрат» пен мадридтік «Реал» командалары арасындағы матч алдында Орталық стадион шетелдік тілшілердің сынына ұшырады. Испаниялық журналист стадионды «шағын әрі ескі, коммунистік стильде салынған» деп сипаттап, жүгіру жолын «социалистік дәуірдің сарқыншағы» деп атады. Сонымен қатар, ашық аспан астындағы аренаның салқын немесе жаңбырлы ауа райында ойын атмосферасына кері әсер етуі мүмкін екенін атап өтті, деп жазды qandastar.kz

Тағы бір тілші стадиондағы санитарлық аймақтың жағдайына көңілі толмай, дәретханалардың тазалығын сынға алды. Бұл сынға байланысты жергілікті әкімдік дереу жауап беріп, әлеуметтік желіде стадиондағы таза және жаңартылған дәретханалардың суреттерін жариялады.

Stan.kz жазғандай, шағымданған әжетхана баспасөз орталығының ішінде орналасқан.

Back to top button