Әлем жаңалықтары

Қайрат Сатыбалдының Дубайдағы қымбат көліктері сатылды: Ақша қайда кетеді?

Фото:Stan.kz

Қайрат Сатыбалдының Дубайдағы қымбат көліктері сатылды. Бұл туралы qandastar.kz ақпарат агенттігі Информбюробағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды.

Қайтарылған активтерді басқару жөніндегі компания шамамен 31,5 миллион теңгеге бағаланған Aston Martin Vantage көлігін сатты. Тағы бір люкс санаттағы көлік Rolls-Royce Cullinan көлігі 167,5 миллион теңгеге бағаланды.

Бұған дейін кәсіпкер мемлекетке Bentley, Lexus және Mercedes сияқты 29 көлікті қайтарған. Сатыбалдыға тиесілі Алматыдағы «Байсат» сауда орталығы қазан айында активтерді басқарушы компанияның балансына өткен. Қайтарылған активтердің жалпы сомасы шамамен 733 млрд теңгені құрайды. Түскен қаражат арнайы мемлекеттік қорға аударылды. Ол арқылы қаржы мемлекеттік қажеттіліктерге жұмсалады.

Еске салсақ, бұған дейін сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Қайрат Сатыбалдыұлының 733 миллиард теңгеге жуық мүлкі Қазақстанға қайтарылғанын мәлімдеді. 2022 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін Қайрат Сатыбалдыұлы және онымен байланысты тұлғалардан мемлекетке заңсыз сатып алынған 732,8 миллиард теңге немесе 1,6 миллиард доллардан астам сомаға мүліктік активтер мен ақшалай қаражат қайтарылды. 2024 жылдың 16 тамыз күні Өскемен қаласының №2 соты сотталған Қайрат Сатыбалдының жазасының өтелмеген бөлігін жазаның неғұрлым жеңіл түріне ауыстыру туралы өтінішхатын қанағаттандырып бас бостандығынан айыру түріндегі жазаның өтелмеген бөлігін 3 жыл 3 ай 7 күн мерзімге бас бостандығын шектеуге ауыстырды.

Ілмектер

Осы айдарда

Пікір үстеу

Close