Мәдениет

«Қайраттай асыл азаматты Қайрат Рысқұлбековтей абақтыға қамамау керек еді»: белгілі асаба Қайрат Нұртасқа қолдау білдірді

Фото: ашық дереккөз

Қазақстандық танымал асаба Руслан Ысқақ қамауға алынған эстрада жұлдызы Қайрат Нұртасқа қатысты пікірін білдірді. Асаба өнер иесін темір торға қамауды үлкен қателік деп санайды. Руслан Ысқақ белгілі тележүргізуші Анна Данченкоға берген сұхбатында бұл даулы мәселе жөнінде өз ойын айтты. Ол Қайрат Нұртасқа қолдауын білдіріп, оны қамауға алу шешіміне қарсылық танытты. 

Той жүргізушісі әншіні абақтыға жабудың орнына «төбемізге көтеруіміз керек еді» дейді.

«Қазақтың бағына біткен Қайраттай асыл азаматты Қайрат Рысқұлбековтей абақтыға қамау қателік болды. Мен бұған тікелей қарсымын. Қазақтың Қайратын төбемізге көтеруіміз керек еді. Бұл біздің Қайрат, өзгенің Қайраты емес. Екі достың арасында болған жағдайды осындай деңгейге дейін ушықтырмау керек еді. Әлі де біздің заңға, заңнамалық актілерге осы мәселелердің барлығын тағы да бір қарастыру керек сияқты. Себебі өнер адамының қоғамға зияны жоқ. Кімді қамау керек? Қоғамға зияны бар адамды, қылмыскерді қамау керек. Ең біріншіден, Қайрат – өнер адамы. Қателеспейтін пенде болмайды, кез келген адам қателеседі. Жоғары жақта отырған адамдар да қателеседі. Сондықтан Қайратты қамау – өте үлкен қателік болды деп ойлаймын. Екі адам бітімгершілікке келсе, не үшін қамаймыз? Екеуі бір-бірін кешірді. Неге Қайрат сияқты азаматтарымызбен түрмені толтыруымыз керек? Осы мәселе мені қатты қынжылтады», – деді ол.

Ілмектер

Осы айдарда

Пікір үстеу

Close