Қазақстандық бапкер Эдуард Глазунов Чемпиондар лигасының жалпы кезеңінің сегізінші турында өткен «Арсенал» мен «Қайрат» арасындағы матчқа қатысты пікір білдірді. Бұл ойында алматылық команда 2:3 есебімен жеңіліс тапқан еді деп жазды Qandastar.kz.
Бапкер sportarena.kz сайтына берген эксклюзивті пікірінде кездесудің осындай күтпеген нәтижемен аяқталғанына қуанғанын айтты.
«Мүмкін, «Қайрат» психологиялық тұрғыдан ұтылып қалған шығар: ойыншылар еркін ашыла алмады, сондықтан көбіне қорғаныста ойнауға мәжбүр болды. Дегенмен «Эмирейтс» стадионында екі гол соғудың өзі үлкен құрметке лайық. Ойыншылар мен клуб үшін бұл орасан зор тәжірибе болды – нағыз сабақ. Әсіресе өз тәрбиеленушілеріміздің әлемдік деңгейдегі командаларға қарсы ойнап, тәжірибе жинақтап жатқанын көру өте қуантады», – деді Глазунов.



