Жаңалықтар

“Қайраттың” қаһарманына көлік сыйлады

Коллаж: sn.kz

Алматылық “Қайрат” футбол клубының қақпашысы Темірлан Анарбеков УЕФА Чемпиондар лигасында Шотландияның “Селтик” клубына қарсы ойында үш пенальтиді қайтарып, команданы келесі кезеңге шығарған еді. Осы ерлігі үшін спортшыға еліміздегі белгілі компаниялардың бірі автокөлік сыйлады, деп хабарлайды qandastar.kz

Бүгін белгілі болғандай, қақпашыға сыйлық клубтың серіктес компанияларының бірі (Zigi zagi) тарапынан табысталды. Анарбековтің сенімді ойынының арқасында «Қайрат» тарихында алғаш рет УЕФА Чемпиондар лигасының топтық кезеңіне жолдама алған еді.

Сыйлықты табыстау сәті әлеуметтік желілерде кеңінен таралып, жанкүйерлер спортшыға жылы лебіздерін білдіруде. Көпшілік бұл оқиғаны клуб ойыншыларының еңбегінің әділ бағалануы деп қабылдады.

Back to top button