Жаңалықтар

“ Қайсар” футболшысы: жалақы мәселесі шешілмесе, чемпионаттың соңғы ойындарына шықпаймыз

Фото: ашық дереккөз

Жалақы көрмегендеріне үш айдың жүзі болған футболшылар күні кеше «Шахтермен» ойын алдында байкот жариялап, матч белгіленген уақыттан 10 минутқа кеш басталды, деп хабарлайды   qandastar.kz dopmedia-ға сілтеме жасап.

Аяқдопшылар қордаланған қарыз бойынша облыс басшыларымен бетпе-бет сөйлесіп, мәселені жеткізбейінше, алаңға шықпайтыдарын айтып, наразылық білдірген. Бірақ, лауазымды тұлғалардың бірде-біреуі төбе көрсетпеді. Тек, «Қайсардың» директоры Садық Мұстафаның өтінішінен кейін команда ойынға шықты. Көңілі тоқ болмаса да қайсарлықтар қоңыр күздің салқынына қарамастан стадионға келген мыңдаған жанкүйерге керемет қуаныш сыйлады. Қарағандының «Шахтерін» 5-1 есебімен тас-талқан етіп, биылғы маусымдағы ең ірі жеңісіне қол жеткізді.

Бірақ, әрі қарай не болары белгісіз. Жалпы биылғы маусымда команданың ойынына жанкүйерлер дән риза. Өкініштісі, әкімдіктегілер клубтың мүшкіл жағдайына еш алаңдамайтын секілді. Әйтпесе, Қызылордада бұрын-соңды болмаған тың дүниелерді жүзеге асырып, миллиардтаған қаржы тартып жатқан облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың «Қайсардың» қордаланған қарызын жабуға шамасы жетпейді дегенге сену қиын. Өйткені, көршілес Шымкенттің мэрі Ғабит Сыздықбеков «Ордабасының» 5 миллиард теңге берешегін шешіп бергенде, Нұрлыбек Мәшбекұлы 400 миллионға тарығып қалмасы анық.
Ал жалақыдан күдерін үзбеген футболшылар осы кезге дейін айтылған құрғақ уәдеге тойдық деп отыр. Айлығы асып-таспаса да жақсы нәтиже көрсетіп, біріншілікте әр ұпай үшін арпалысқан «қасқырлардың» шыдамы таусылған секілді. Өзінің аты-жөнін жарияламауды сұраған клуб ойыншысы қарыз мәселесі шешілмесе, команда чемпионаттың соңғы тур ойындарына шықпайтынын айтып, жалақымыз төленбесе УЕФА-ға дейін арызданамыз деп отыр.

Ілмектер

Осы айдарда

Пікір үстеу

Close