Түркістан облысының тұрғыны Омар есімді азамат өзінен 30 жас кіші Аидаға үйленгенін айтып, ел назарын аударды, деп жазады Qandastar.kz ақпарат порталы maskara_news Instagram парақшасына сілтеме жасап.
Оның айтуынша, жасының жас көрінуіне жұбайының ерекше қамқорлығы себеп болған.
Жұптың бірге тұрғанына 11 жыл толған, олардың үш баласы бар. Омар тіпті қайын атасының өзінен небәрі екі жас қана үлкен екенін де жасырмады.
Бұл оқиға әлеуметтік желілерде қызу талқыланып, пікір екіге бөлінді. Қолданушылардың басым бөлігі мұндай некені дұрыс емес деп есептейтінін жазған, ал кейбіреулері әркімнің жеке өміріне құрметпен қарау керектігін атап өтті.



