ЖаңалықтарСпорт

Қақпашы Шерхан Қалмұрза «Қайратпен» келісімшартты ұзартты

18 жастағы қақпашы Шерхан Қалмұрза «Қайрат» командасымен келісімшартты ұзартты, деп хабарлайды алматылық клубқа, деп жазады qandastar.kz сайты KAZ.NUR.KZ-ке сілтеме жасап.

Клубтың баспасөз қызметінің мәліметінше, жаңа келісім 2028 жылғы 30 қарашаға дейін есептелген.

Естеріңізге сала кетейік, «Қайрат» футбол клубының 18 жастағы қақпашысы Шерхан Қалмұрза мадридтік «Реалмен» өткен тарихи кездесуден кейін ел мақтанышына айналды.

Ол жарақатына байланысты алаңға шықпай қалған негізгі екі қақпашыны алмастырып, қақпаны қорғауға мәжбүр болды.

Кездесу соңында Шерхан Қалмұрза «Реалдың» әйгілі қақпашысы Тибо Куртуамен футболка алмасты. Оған қоса мадридтік клубтың қақпашысы Instagram-дағы парақшасында Шерханмен түскен фотосын жариялап, оны белгілеп қойды.

Ал жас футболшының ойынына көңілі толған қазақстандықтар оған ризашылығын білдіріп, бірі су жаңа көлік сыйлады.

Ұқсас Мақалалар

Back to top button