
Әзілкеш әрі блогер Нұрсұлтан Жақсыгеннің бұрынғы жары мен балаларына қатысты әлеуметтік желіде жариялаған жазбалары қоғамда дау туғызды. Танымал блогерлер мен спортшылар оның әдепсіз сөздеріне ашық наразылық білдіріп, бойкот жариялауға шақырды, деп жазды qandastar.kz
Танымал қақпашы Темірлан Анарбеков өз пікірінде «Не деген надандық, қалай жер басып жүруге болады мұндай әрекеттен кейін?» деп жазып, оқырмандардың ашуын күшейтті.
Скриншоттарда Жақсыгеннің бұрынғы жары мен жеке өміріне қатысты кемсіту мен балағат сөздер қолданғаны көрінеді. Оның жазбаларына қоғамдық ортада қатаң сын айтылып, әлеуметтік желіде пікірталас қызған.



