Қазақ театры мен киносының абызы Асанәлі Әшімов ұлының таңдаған мамандығы мен өмірдегі ұстанымы туралы ойымен бөлісті, деп хабарлайды qandastar.kz порталы turkistantvkz-ке сілтеме жасап.
Аңызға айналған актер «Құтты қонақ» бағдарламасында баласының шетелде білім алып жүргенін айтты.
«Дубайда Британдық университетте бірінші курста оқып жүр. Сол жағына кетті. Өзің таңдасаң, жарайды дедім. Ақылдасып, келісіп соңы таңдады», — деді актер.
Алайда ұлының өнерден де алыс еместігін айтып өтті.
«Өнерге жақын, білемін. Бірақ өнерге келгенін қаламадым. Қиындығы бар. Болғаннан кейін бірінші болу керек. Жүгіріп шығып, жүгіріп кіретіндердің керегі жоқ», — деді аңыз.



