Жаңалықтар

«Қалаулымға» қатысқан Бердах Бекетов сотталды

Фото: ашық дереккөз

«Қалаулым» бағдарламасы арқылы танылған Бердах Бекетов Қаңтардағы бүлікке қатысқаны үшін 7 жылға сотталды, деп жазды qandastar.kz

Еске сала кетейік, полиция Бердах Бекетовті 2022 жылы 22 қаңтарда көшеден ұстап, алып кеткен. Оған «Жаппай тәртіпсіздікке қатысты» деген айыппен қылмыстық іс қозғалған.

Бердах Бекетов тергеу изоляторында отырып үш рет хат жазған. 25 қаңтардағы хатында прокурорлар сөзін тыңдамай жатқанын, азаптау көріп жатқанын жазып, көпшіліктен араша болуды сұраған. 2 наурыздағы хатында кінәсіз екенін жазып, Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтан араша болуын сұраған.

Ілмектер

Осы айдарда

Пікір үстеу

Close