Жаңалықтар

Калифорнияда алты адам мінген жеңіл моторлы ұшақ апатқа ұшырады

Cessna 414 маркалы жеңіл моторлы ұшақ Калифорния штатының Сан-Диего қаласы маңындағы су айдынына құлады. Бұл туралы АҚШ жағалау күзетінің баспасөз қызметінен мәлім етті, деп хабарлайды Qandastar.kz ақпарат порталы Reuters агенттігіне сілтеме жасап.

Ұшақта алты адам болғаны анықталды. Апат Пойнт Лома ауданының батысынан шамамен 4,8 шақырым қашықтықта тіркелген. Іздестіру-құтқару жұмыстарына жағалау күзетімен бірге кеден, шекара қызметі және Сан-Диего қаласының полициясы қатысып жатыр.

Болжам бойынша, апат орнының тереңдігі 61 метрге жуық. Ұлттық көлік қауіпсіздігі кеңесі апаттың себептерін зерттеуді бастады.

Ілмектер

Осы айдарда

Добавить комментарий

Close