Мәдениет
«Қамалатын күнің жақын»: Әнші Argonya-ның сахнаға мас болып шыққан видеосы тарады
Фото: https://www.instagram.com/argonyaa/
Халық танымал әнші Argonya-ның сахнаға мас күйінде шыққанына ашуланды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
TikTok желісінде Екібастұз қаласындағы концертте әншінің сахнада тұрып, балағат сөз айтқанын да тыңдарман қауым видеоға түсіріп алған.
Желі қолданушылары оны бейәдеп сөздері үшін жауапқа тартуды сұрап отыр.
Соңғы кезде өнер жұлдыздарының қоғамда тәртіпсіздік жасауы белең алып тұр. Оны оқырман қауым да байқап, мәдениет министрлігіне үндеу жасады.
«Қайрат қанша жерден қамалса да, сахнаға мас болып шықпаған», «Қамалатын күнің жақын», «Шетелде бұл қалыпты жағдай болғанымен, қазақ қоғамы үшін ұят», «Мынадай өнер адамдарын құрту керек», «Осыларды көруге барған халық ақымақ», «Сол қаланың маскүнем тұрғыны сияқты», «Мәдениет министрлігі қайда қарап отыр», – деп жазып жатыр көпшілік.
Еске салайық, «Адам болған соң қателесуің мүмкін» деп министр Аида Балаева өнер адамдарының қамауға алынуына қатысты пікір білдірген еді.