Қаржы және төлемдер
Кәмелетке толмаған жасөспірім Астана тұрғындарынан 11 млн теңге алып кеткен
Фото: ашық дереккөз
Жасөспірім Астана тұрғындарын трейдинг компаниясына ақша салып, инвестиция жасауға көндірген, деп хабарлайды qandastar.kz turkystan.kz-ке сілтеме жасап.
«Жәбірленушілерді салынған ақшаның 22% мөлшерінде сыйақы және алып келген әр клиент үшін 10% мөлшерінде сыйақы беріледі деп алдаған», – деді Астана прокуратурасы.
Осылайша кәмелеттік жасқа толмаған жасөспірім 20 азаматтан 11 млн теңге алған. Қаражаттың бәрін өз қажетіне жұмсаған.
Ол сотталып, жәбірленушілердің шығын қайтарылды.
Үкім заңды күшіне енді.