Жаңалықтар

Камераға түсіп қалған: Шымкентте 4 баланың анасы жоғалды

Фото: ашық дереккөз
Шымкентте 4 баланың анасы ізі-қайым жоғалды, деп хабарлайды qandastar.kz.
Журналист Гүлмира Әбіқай хабарлағандай, соңғы рет ол 13.10.24 жылы үй жанындағы “Самал” базарына шыққан. 4 баланың кішісі – 8 айлық. Соның ұйықтағанын пайдаланып , балаларға оны-мұны әкелейін деп базарға жүгіріп кеткен. Бірақ, оралмады. Бүгін 3-ші ші тәулікке кетті.
«13.10.24 жылы  шамамен сағат 15:00 кетіп бара жатқан кезі көшедегі видео камераға түсіп қалған.
Айдана Нұртазаева, жасы 31-де. 4 баланың анасы. Фотодағы жанды көрген-білген, танитын жандар болса хабарласыңыздар», – деп жазды журналист.
***
Журналист бұл хабарландыруға  Айжан есімді көріпкел пікір білдіргенін де айтқан.
«Айдананы көрдім, ол тірі. Шаршап калған сияқты. Қасында бір әйел, бір еркек бар. Табылады. Ерегісіп кеткен әйел сияқты, табылады бірақ» деген көріпкел.
Ілмектер

Осы айдарда

Пікір үстеу

Close