Жаңалықтар
Камералардың көбеюіне қарамастан, Қазақстанда жол-көлік оқиғасы үш есе өскен

Фото: tumentoday.ru
Қазақстан Еуропа мен Орталық Азия елдері арасында ЖКО-да өлім-жітім бойынша көш басынан түспей тұр, — деп хабарлайды qandastar.kz
Деректер бойынша 2024 жылдың алты айында Қазақстанда ЖКО саны 2023 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 88,3% — ға өсіп, 5,4 мыңнан 10,2 мыңға дейін артқан. Ең үлкен өсім Шымкентте – 504,7%, ал Алматыда апаттар саны екі есеге жуық – 1241-ден 2262-ге дейін өсті.
Қазақстанда 1,318 млн бейнекамера жұмыс істейді, оның 274 мыңы жедел басқару орталығына және кезекші бөлімдерге қосылған.
Мысалы, бір ғана Алматыда 155 мыңнан астам камера орнатылған, ал 2024 жылдың соңына қарай олардың санын тағы 30% — ға арттыру жоспарланып отыр. Нәтижеден әлде де үміт мол..
М.СНАДИН